Шиелі ауданының экономикасы қарқынды дамуда

2 337

Фото: Аудан әкімдігіШиелі аудандық бюджеттің кірістері 2025 жылға несиелерді қоса есептегенде 12 млрд 955 млн 138 мың теңгеге бекітілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ағымдағы жылдың бүгінгі күнгі жағдай бойынша түзетілген бюджет несиелерді қоса есептегенде 16 млрд 335 млн 324 мың теңгеге нақтыланды. (3 млрд 380 млн 186 мың теңгеге артты)

2025 жылдың кірістер несиелерді қоса есептегенде 

1 шілдесіне болжамдалған 5 млрд 949 млн 246 мың теңгенің орнына 6 млрд 426 млн 196 мың теңгеге немесе 108 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 3 млрд 

21 млн 584 мың теңгенің орнына 3 млрд 986 млн 349 мың теңге болып 131,9 пайызға орындалды (айырмасы 964 млн 764 мың теңге).

Аудан бюджетінің шығысы ағымдағы жылдың 1 шілдесіне жалпы 5 млрд 949 млн 246 мың теңгеге жоспарланды. Маусым айының қорытындысымен 5 млрд 948 млн 884 мың теңгеге немесе 100 пайызға орындалды. 

Бұл ауқымды қаражаттар халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс жағдайын жақсартуға жұмсалуда. 

    Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Шиелі ауданында салық түсімдерін арттыру мақсатында жұмысшы топтар құрылып, жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. 

Атап айтқанда:

    Жыл басынан, басқа өңірлерден кәсіпкерлерді тарту бойынша 9 кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, мүлікті түгендеу және қайта бағалау бойынша 244 коммерциялық нысан қайта бағаланып,  42 салық төлеушіге тексеру жүргізілді, сыртқы жарнаманы заңдастыру бойынша 43 кәсіпкерге ескертпе хаттар беріліп, қазіргі таңда 21 кәсіпкермен келісімшарт жасалды, ұзақ жалдардан бері қордаланған көлік салығы берешегін өндіру жұмыстары, басқа салық түрлері бойынша жұмыс берушілер мен кәсіпкерлерге қатысты корпоративтік табыс, мүлік, жер және өзге де салықтардың дұрыс есептелуін қамтамасыз ету мақсатында түгендеу жұмыстары (331 салық төлеуші) жүргізіліп, нәтижесінде 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында барлығы 158 млн 494 мың теңге салық төлемдері бюджетке түсіріліп отыр.

Сонымен қатар, Қызылорда облыстық мәслихатының 

2024 жылғы 24 шілдедегі «Қызылорда облысындағы қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» №112 шешімі сәйкес, заң талаптарын бұзған тұлғаларға әкімшілік шара  көру бағытында жұмысшы топ құрылып рейд жұмыстарын жүргізуде.

Бүгінгі таңда, ағымдағы жылдың маусым, шілде айларында 

73 тұлғаға әкімшілік хаттама рәсімделді.