Жалағашта Халықаралық қарттар күні аталып өтті

1 488

Фото: Жалағаш аудан әкімдігі1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Іс-шараға ауданның ардагерлері, қоғам белсенділері және жастар өкілдері қатысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мерекелік жиында аудан әкімінің міндетін атқарушы Ғани Сүлейменов сөз алып, қатысушыларды аудан әкімінің атынан мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде ардагерлердің ел дамуы жолындағы еңбегін ерекше атап өтті.

«Сіздер елдің ең ауыр кезеңдерінде аянбай еңбек етіп, маңдай терлеріңізбен тәуелсіз еліміздің іргесін қаладыңыздар. “Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер” демекші, әрбір ісімізде сіздердің тәлімдеріңіз бен ұлағатты тәрбиелеріңіздің ізі жатыр. “Қарты бар ел – қазыналы ел” деп бекер айтылмаған. Себебі сіздер — өмірдің талай сындарынан сүрінбей өтіп, тоқсан тарау жолдардан түйін түйген даналықтың иесісіздер. Ұрпақ тәрбиесіндегі рөлдеріңіз ерекше. Бүгінгі жастарға бағыт-бағдар беріп, өмірлік жолын дұрыс таңдауға себепкер болып келесіздер. Осы мереке күні аудан әкімінің атынан шынайы алғысымызды білдіре отырып, әр шаңыраққа амандық, әрбіріңізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін!», – деді Ғани Сүлейменов.

Мерекелік жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар ардагерлерге аудан әкімінің Алғыс хаттары мен естелік сыйлықтар табысталды.

Шара соңы ауданның өнерпаздары ұсынған концерттік бағдарламаға ұласты. Көркемөнерпаздар ардагерлерге арнап патриоттық және көңілді әндер орындап, мерекелік көңіл күй сыйлады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.