Қызылордада ер адам көршісі мен қызын пышақтап өлтірген

1 528

Фото: видеодан скриншотҚызылордада 8 қаңтарға қараған түні пышақ жарақаты салдарынан қала тұрғыны мен оның 34 жастағы қызы көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оқиға туралы полицияға қаза тапқандардың көршілері хабарлаған.

"Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция экипажы күдіктіні қылмыс орнында ұстады. Ұсталған азамат – жәбірленушілердің көршісі", - деп жазылған хабарламада.

Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.