Қызылордада 49 жастағы ер адам бір жарым жылдан бері комада жатыр
Қызылордада өкіпесіне салқын тиіп, ауруханаға өз аяғымен барған 49 жастағы Ержан Әзенов бір жарым жылдан бері комада жатыр. Науқастың оянатынын не оябайтынын дәрігерлер де білмейді,- деп Оpennews.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Науқастың әйелі Қарлығаш Сақтапбергенова 2024 жылы күйеуінің пневмонияға шалдығып, ауруханаға барғанын айтады. Алайда ыстық бөлмеде ауа жетпей қиналған азамат бір күннен кейін “үйден ем қабылдаймын” деп дәрігерден өзі сұранып шығыпты. Осылайша таксиге мінген бойда Ержан Әзеновтың бірнеше сәтке жүрегі соқпай, миы жұмысын тоқтатқан. Содан бері ес-түссіз күйде жатыр дейді ол. Қарлығаш Сақтапбергенова күйеуінің денсаулығын бірден тексеріп, тиісті ем жүргізбеген медицина мамандарын кінәлайды.
Науқас бәрін көріп жатса да, әйелінің сұрағына жауап қатпайды. Ауруханадағы дәрігерлер науқасқа тиісті көмек көрсетілді деп ақталады.
Аурухана басшылығы ауырып келген адамды үйіне жіберген дәрігерге сөгіс беріпті. Ал полиция “міндетін тиісінше орындамау” бабымен тергеу жүргізіп жатыр. Науқастың әйелінің айтуынша, Ержан Әзенов өмір бойы спортпен шұғылданған, денсаулығына шағым айтпаған. Әйелі мен екі қызы отағасының сауығып, үйге қайта оралғанын асыға күтіп жүр







