Локдаун енгізілетін Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер қалай жұмыс істейді

284
Наурыз мерекесі қарсаңында, 22-24 наурыз аралығында елордада қоғамдық көліктер қалыпты режимде жұмыс істейді 
Тек жексенбі, 21 наурыз күні қалада және қала маңына қатынайтын автобустардың қозғалысына шектеу қойылады. 
Қоғамдық көлік Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес бір күн жұмыс істемейді, себебі дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. ⠀ Ал сенбі, 22-24 наурыз аралығында яғни мереке күндері қоғамдық көліктер қалыпты режимде жұмыс істейді. ⠀ "Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді", - дейді CTS өкілдері.