ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ КҮШЕЙТУ: ПОЛИЦИЯҒА 100 ЖАҢА АВТОКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

1 506

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ КҮШЕЙТУ: ПОЛИЦИЯҒА 100 ЖАҢА АВТОКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін сол жағалаудағы «Қайсар Арена» стадионында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен полиция департаментіне 100 жаңа арнайы автокөлік кілті табысталды.

Облыс әкімі өңірде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмір сүру сапасын арттыру бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

«Мемлекет басшысы «Біздің қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның, әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз», – деп нақты міндеттерді белгілеген болатын.

Қазақстан полициясы – қоғамдағы құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін аса маңызды құрылым. Елдегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтауда полиция қызметі Тәуелсіздігіміздің қастерлі міндеттеріне көлеңке түсірмей, берекелі бірлігімізді сақтауға үлес қосуда.

Соңғы төрт жылда аймағымыздың полиция органдарының материалдық-техникалық базасын заманға сай жақсартуға облыстық бюджеттен 17 млрд. 805 млн. теңге, оның ішінде арнайы автокөліктермен қамтуға 4 млрд. 282 млн. теңге қаралды. Замануи құрылғылармен жабдықталған 128 жаңа автокөлік табысталды.