ҚЫЗЫЛОРДАДА «АКСА ЭНЕРДЖИ» ЖШС ЖАҢА ЖЫЛУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ҚАРАЛДЫ
ҚЫЗЫЛОРДАДА «АКСА ЭНЕРДЖИ» ЖШС ЖАҢА ЖЫЛУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ҚАРАЛДЫ
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде «Aksa Energy Qyzylorda» серіктестігінің қызметі қаралды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес былтырғы жылы
Қызылорда қаласында заманауи технологиялар негізінде жаңа жылу-электр орталығы іске қосылғанын атап өтеміз.
Жобаның ерекшелігі – бір мезетте 240 МВт электр және 277 Гкал жылу энергиясын өндіруге мүмкіндік беретін қуатты энергетикалық нысанның бой көтеруі. Құны 215 млрд теңгені құрайтын жоба Қызылорда облысының энергетикалық жүйесін жаңғыртудағы теңдессіз бастамалардың бірі саналады. Қазіргі таңда 150 тұрақты жұмыс орны құрылды. Бүгінгі күні штаттық режимде жұмыс жасауда.
Ауқымды жоба өңірдің энергетикалық қуатын арттырып, қала тұрғындарын тұрақты электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етуге бағытталған.
Мәжіліс барысында жобаның тиімділігін арттыру және энергетикалық нысанның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселелеріне де назар аударылды.
Жалпы, аталған жоба – Қызылорда облысының энергетикалық әлеуетін жаңа деңгейге көтеретін, заманауи инфрақұрылымды қалыптастыруға және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған стратегиялық
маңызы зор жоба.
Облыс әкімдігі алдағы уақытта да энергетика саласындағы ірі инвестициялық жобаларды қолдап, өңірдің тұрақты дамуына қажетті инфрақұрылымды жетілдіру жұмыстарын жалғастыра береді.
@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Қаз
Рус






