Ресей Беларусь әуе кеңстігінен ұшудан бас тартқан екі компанияның рейстерін тоқтатты

286

Фото: pixabay.comРесей Беларусь көгінен ұшатын рейстерін тоқтатқан екі еуропалық әуе компаниясына кіруге тыйым салды.


Air France және Austrian Airlines ұшу жоспарын Ресей тоқтатқаннан кейін әуе компаниялары рейстерін орындаудан бас тартуға мәжбүр болды. 


Бұл Кремльдің Беларусь пен Батыс елдері арасындағы дипломатиялық қақтығыс бойынша жасалған алғашқы қадамы. Ресей Беларусь көгінен ұшып өтпейтін барлық рейстерден бас тартылатыны туралы әлі түсініктеме берген жоқ.


 Еуропалық Одақ пен Ұлыбритания Беларусьтің әуе компанияларына өз территориялары бойынша ұшуға тыйым салып, жаңа санкциялар енгізілетінін мәлімдеді. 


Еуропалық әуе кеңістігіне тыйым салу Беларусь әуе компаниясын 30 қазанға дейін Амстердам, Барселона, Берлин, Брюссель, Франкфурт, Ганновер, Калининград, Милан, Мюнхен, Рим, Вена және Варшава бағыттарынан бас тартуға мәжбүр етті. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.