Қызылордадан Өзбекстан шекарасына дейін жаңа жол қашан салынады – Үкімет басшысы

2 585

Фото: Александр Павский/ KazinformҚызылорда — Өзбекстан шекарасы жаңа жол учаскесін салуға шамамен 140 млрд теңге қажет, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.

Фото: Александр Павский/ Kazinform

Қызылорда — Үшқұдық бағытының жалпы қашықтығы 320 шақырымды құрайды, оның ішінде Қазақстан Республикасынын аумағы арқылы — 140 шақырым, Өзбекстан аумағында — 180 шақырым. Қызылорда — Өзбекстан шекарасы жаңа жол учаскесі құрылысының құны шамамен 140 млрд теңгені құрайды. Шекарада автомобиль өткізу пункті жоқ. Сондықтан мұндай пункт салу қажет екенін айтып өткен жөн. Оның құны шамамен 15 млрд теңге болады, — деді Үкімет басшысы жауабында.

Премьер-Министрдің дерегінше, Ақтөбе — Ұлғайсын (Ақтөбе — Хромтау автожолының 763-791 шақырым учаскесі) жол учаскесін реконструкциялау басталды. Биыл қалған 234 шақырымда Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің қарыз қаражаты есебінен құрылыс жұмыстарын бастау көзделген. Сондай-ақ 2025 жылы ұзындығы 513 шақырым Қарағанды — Жезқазған автожолын қайта жаңарту және ұзындығы 102 шақырым Сарыағаш қаласын айналып өтетін жолдың құрылысы жоспарланған. Бұдан басқа, Мемлекет басшысы 2025 жылғы 14 наурыздағы Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік бағытына тура шығатын автомобиль жолын салу жөніндегі жобаны іске асыруды бастауды тапсырды.

Баяндалғанның негізінде көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша бекітілген жоспарлар мен жүргізіліп жатқан жұмыстарды ескере отырып, Қызылорда — Үшқұдық автожолын салу мәселесін қарауды 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылымдық жоспарда көзделген жобаларды іске асыру аяқталған соң қарау ұсынылады, — деді ол.

Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне тура шығатын автокөлік жолының құрылысын бастауды тапсырған еді.