Қызылордада 56 мүгедек баланың құқығы қалпына келтірілді

2 508

Фото: PinterestҚызылорда облысында мүгедектігі бар балалардың құқықтарын қорғау барысында заң бұзушылықтар анықталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық прокуратура балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтағы заң талаптарының сақталуына тексеру жүргізген.

Нәтижесінде балаларды қажетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, кадрлық рәсімдер және мемлекеттік сатып алу салаларында бірқатар заң бұзушылық анықталды.

— Атап айтқанда, қолданыстағы талап бойынша жамбас органдарының функциялары бұзылған мүгедектігі бар адамдарға тәулігіне 4 жөргек берілуі тиіс. Алайда орталықта балаларға күніне 2-3 жөргектен ғана берілген. Прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде заң бұзушылықтар жойылып, 56 баланың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Жауапты тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды, — делінген хабарламада.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.