Қызылорда электр тарату тораптары компаниясының атын жамылған алаяқтар пайда болды

2 506

Фото: Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ өзін компания қызметкері ретінде таныстырып, тұрғындарды мазалайтын алаяқтар пайда болғанын ескертті,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Олар тұтынушыға қоңырау соғып, электр есептегішін тексеру қажет екенін немесе жарықты ажырататынын айтып қорқытады.

«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ электр желілеріне қызмет көрсету және электр есепке алу құралдарына қатысты барлық жұмысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады. Компания қызметкерлері тексеру немесе басқа да іс-шараларды жүргізу кезінде міндетті түрде қызметтік куәлігін көрсетеді. Тұрғындарға телефон арқылы қысым көрсетіп, қорқыту әрекеттерін жасамайды. Егер белгісіз біреулер өздерін компания қызметкері ретінде таныстырып, «тексеруге рұқсат бермесеңіз, электр энергиясы ажыратылады» деп немесе басқа да талаптар қойса, олардың сөзіне сенбеңіз. Ешкімге жеке деректеріңізді, банк картасының мәліметтерін, SMS арқылы келген растау кодтарын бермеңіз, - делінген хабарламада.

Компания басшылығы күмәнді жағдайда ақпаратты компанияның ресми байланыс арналары арқылы нақтылауды сұрайды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.