ЖАЛАҒАШТА АЙБЫН – 2026 ӘСКЕРИ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

1 517

22 сәуір күні Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен Зейнолла Жарқынбаев атындағы №202 орта мектеп базасында «Айбын – 2026» әскери-патриоттық сайысы өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің отансүйгіштік рухын арттыру, әскери қызметке деген қызығушылығын қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау болды.

Сайыс барысында қатысушылар түрлі әскери-спорттық кезеңдер бойынша бақ сынап, өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын, білімдері мен дайындығын көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Осындай шаралар жастардың бойында елге деген сүйіспеншілікті арттырып, болашақта Отан қорғауға дайын азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.