Қызылордада ауылдар маңынан есірткі алқабы табылды

1 739

Фото: Қызылорда облыстық ПДЕлімізде есірткі қылмысының алдын алуға және жолын кесуге бағытталған «Қарасора-2026» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара 1 маусым мен 31 қазан аралығына жоспарланған. Мақсат — құқықбұзушылықтардың алдын алу, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсіру және дайындау деректерінің жолын кесу.

Іс-шара басталғалы облыс көлемінде барлығы 9 құқықбұзушылыққа тосқауыл қойылды. Оның 8-і — есірткі өсіру, 1-і — есірткіге байланысты қылмыстық теріс қылық. Есірткі өсіру деректерінің 3-і далалық аумақтарда, 5-і тұрғын үйлердің ауласында анықталды. Заңсыз өсірілген, құрамында есірткі заты бар өсімдіктер тәркіленді. Заңсыз есірткі өсірумен айналысқан 5 адам құрықталып, оларға қатысты заң талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданды, — деп хабарлады облыстық полиция департаментінен. 

Сонымен қатар әскери тікұшақтың көмегімен 3 рет әуеден бақылау жүргізіліп, Абай және Бірқазан ауылдарының маңында есірткі өсірудің 2 дерегі тіркелген. 

«Қарасора-2026» операциясы аясында синтетикалық есірткі өндіру фактілерін анықтау, есірткі сақтау орындарын табу және заңсыз айналымға қарсы кешенді шаралар қабылданатынын бұрын жазғанбыз.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.