МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ЭСТАФЕТАДА ҚАЗАЛЫЛЫҚ ОТБАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

1 511

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ЭСТАФЕТАДА ҚАЗАЛЫЛЫҚ ОТБАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні кәсіби мерекесіне орай мемлекеттік қызметшілердің отбасылары арасында «Салауатты отбасы - мемлекеттің берік тірегі» атты эстафеталық жарыс өтті.

Қызылорда қаласында өткен отбасылық жарыстың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында отбасылық құндылықтарды насихаттау, олардың отбасымен уақытты тиімді өткізуіне ықпал ету, мемлекеттік қызметтің мәртебесін арттыру, сондай-ақ дене шынықтыру мен спорт арқылы отбасылық қарым-қатынасты нығайтып, салауатты өмір салтын қалыптастыру болды.

Эстафеталық сайысқа Қазалы ауданының атынан Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Нұржан Аралбаев отбасы мүшелерімен бірге қатысып, жүлделі II орынды иеленді.

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай өткен эстафеталық жарыста жүлделі екінші орын иеленген Аралбаевтар отбасын құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыс пен отбасыларына амандық тілейміз. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.