Арал теңізіне 1 млрд текше метрден астам су құйылды
Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік су инспекциясы Сырдария өзенінің 22 шілде күнгі су шаруашылығы жағдайын жариялады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінгі күні Шардара су қоймасындағы су көлемі — 3 млрд 392 млн текше метр. Сырдария өзенінің төменгі ағысына секундына тасталып жатқан су көлемі — 550 текше метр.
Арал теңізіне жыл басынан бері 1 млрд 025 млн текше метр су түскен.
Жыл соңына дейін Солтүстік Арал теңізіне қосымша 1,2 млрд текше метр су жіберу жоспарланып отыр.
Қаз
Рус






