ЖАЛАҒАШТА ӨНДІРІСТІК ЖОБАЛАРҒА ДА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛІП КЕЛЕДІ

1 508

ЖАЛАҒАШТА ӨНДІРІСТІК ЖОБАЛАРҒА ДА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛІП КЕЛЕДІ

🔹Үстіміздегі жылы ауданда 70 млрд. теңгені құрайтын 6 жоба жоспарланып  оның ішінде 5 жоба жүзеге асырылып 120 жұмыс орны құрылды. 

🔹Ауданымызда аймақ басшысының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан ірі жобамыз швейцариялық «Харвест Агро Холдинг» компаниясының техникалық қарасора, жүгері және мақсарыны өсіру және қайта өңдеу жобасы.

🔹Жобаның жалпы құны 68 млрд. теңгені құрайды. Жоба жүзеге асырылған уақытта жылына 42 мың тонна техникалық қарасора, 70 мың тонна жүгері, 20 мың тонна мақсары өндірілетін болады.

🔹Жоба аясында 60 мың тонна шикізат өңдейтін және май сығу зауыты іске қосылады. Биылғы жылға 5000 гектар жүгері, 2000 гектар мақсары егіліп, 142 дана жаңбырлатып суару қондырғысы жұмыс жасауда. 100 адам жұмыспен қамтылды.

🔹«Харвест Агро Холдинг» компаниясының биыл салған инвестиция көлемі 26,3 млрд. теңгені құрады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.