Қызылордада әнші түскен видеодан кейін жолаушыларға айыппұл салынды

2 592

Фото:© Видеодан скринҚызылорда облысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізуші мен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желіде тараған видеодағы алдыңғы орындықта отырған жолаушыны желі қолданушылары әнші Мөлдір Әуелбекова деп таныған. Кейін бұл видеоға байланысты полиция жүргізуші мен жолаушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Полицияның мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында жүргізушінің қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарғаны және рөлде отырып ұялы телефон пайдаланғаны түсірілген бейне анықталған.

Тексеру кезінде көлікті басқарған 38 жастағы жүргізушінің қауіпсіздік белдігін тақпағаны, сондай-ақ көлік жүргізу кезінде телефон қолданғаны белгілі болған. Бұдан бөлек, көліктегі жолаушылардың да қауіпсіздік белдігін тақпағаны анықталған.

"Жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір жүргізуші мен жолаушының міндеті. Қауіпсіздік белдігін тағу ауыр зардаптардың алдын алуға көмектеседі. Сондай-ақ көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалану жүргізушінің назарын жолдан аударып, жол-көлік оқиғасының туындау қаупін арттырады. Азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз", – деп мәлімдеді Қызылорда облысы полиция департаменті.

Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қауіпсіздік белдігін тағуға және көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланбауға шақырды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.