ӨЗГЕНТ АУЫЛЫНДА ЖАҢА СПОРТ АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

1 503

ӨЗГЕНТ АУЫЛЫНДА ЖАҢА СПОРТ АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Облыстық білім басқармасының қолдауымен Өзгент ауылындағы №224 орта мектептің ауласына заманауи спорт алаңы салынып, бүгін пайдалануға берілді.

Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Нариман Жахудаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Жанболат Ахметжанов, ауылдың зиялы қауым өкілдері, ұстаздар мен оқушылар қатысты.

Жаңа спорт алаңының ашылуы – ауыл оқушылары үшін қуанышты жаңалық. Мұнда жасөспірімдердің спортпен тұрақты айналысуына, салауатты өмір салтын қалыптастырып, бос уақытын тиімді өткізуіне барлық жағдай жасалған.

Ашылу салтанатына орай оқушылар арасында волейболдан аудандық жарыс ұйымдастырылып, жас спортшылар өзара бақ сынады.

Айта кетейік, мұндай заманауи спорт алаңдары Жаңақорған ауданындағы №169, №51, №125, №213, №209, №184 және №194 мектептердің аулаларына да салынуда.

Жаңа спорт нысандары оқушылардың бұқаралық спортпен тұрақты айналысуына және бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.