Қызылордада әкімдік жөнделген жолдарды қайта жөндеуге 1,7 млрд теңге бөлген

2 633

Қызылорда қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласында заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Нәтижесінде бұрын соңды орташа жөндеу жүргізілген көшелерге қаражат бөлінгені белгілі болды. Қалалық прокуратураның араласуынан кейін мемлекеттік сатып алудың күші жойылып, 1,7 млрд теңге бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.


2020 ж. Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылдық округі, Батырбаев көшесіне 49 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Автокөлік жолдарына күрделі жөндеуаралық мерзімі 6-9 жылды құрайды.Аталған талаптарға қарамастан, Қызылжарма ауылдық округінің әкімдігімен ағымдағы жылы Батырбаев көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөліп, 653,9 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу жариялаған. Осыған ұқсас заң бұзушылықтар Әбенов, Досхожин және Сексенбаев көшелеріне күрделі жөндеуге 1 млрд теңге қаражат бөлу кезінде анықталды, делінген хабарламада.


Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы сомасы 1,7 млрд теңгені құрайтын 4 сатып алу конкурсының күші жойылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.