Қызылордада түнде көлік айдаған 6 жасар бала мен әкесі жауапқа тартылды

2 500

Фото: inbusiness.kzҚызылорда облысында түнде Toyota Land Cruiser көлігін тізгіндеген 6 жасар баланың әкесі жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері патрульдеу кезінде көшелердің бірінен Toyota Land Cruiser көлігін басқарып жүрген 6 жасар баланы байқаған.

Полицейлер дер кезінде әрекет етіп, жол-көлік оқиғасының алдын алды.

Тексеру барысында көлік баланың әкесіне тиесілі екені анықталды. Кәмелетке толмаған баланың заңды өкіліне қатысты бала тәрбиесі мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін, сондай-ақ баланың түнде ересектердің қарауынсыз жүргені үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Жиналған материалдар сотқа жолданды. Сот шешімімен әкімшілік айыппұл салынды.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері ата-ана мен балаға қатысты профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.                    

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.