Өрт сөндіру бөлімінің басшысын аяусыз өлтірген

275
Батыс Қазақстанның Қарауылтөбе ауылында өрт сөндіру бөлімінің басшысы Ақан Нұрғалиев аяусыз соққыға жығылып, ауруханада қайтыс болды. Марқұмның жақындары кінәлілерді қатаң жазалауды талап етуде.

Марқұмның інісінің айтуынша, Ақанды 25 наурызда сағат 23.00 шамасында әріптестері жұмысқа шақырғаннан кейін ол аяусыз соққыға жығылған. Руслан Нұрғалиев өрт сөндіру бөлімінде сол сәтте екі өрт сөндірушіден бөлек, тағы екі адам болғанын айтуда. Оның сөзіне сенсек, екі азамат та мас күйде болған. 

"Мен олардың арасында қандай жанжал туындағанын, кім кімді ұрғанын білмеймін, бірақ менің ағамды қатты соққыға жыққан. Өрт сөндіру станциясында бейнебақылау камералары сындырылған. Меніңше, мұны дәлелдемелерді жасыру үшін әдейі істеген. Келесі күні менің ағам өзге ағаларының біріне тиесілі қорадан табылды. Олардың үйі ауыл шетінде орналасқан. Келін таңертең шығып, қорада біреу жатқанын көрді. Ол менің ағамды таныды", - дейді марқұмның інісі журналистерге. 

Русланның айтуынша, олар бірден Акан туралы жақындарына хабарлап, оған жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер оны облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызады, бірақ оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады: ол 27 наурызда таңғы сағат 5-те қайтыс болды.

Өрт сөндіру басшысының артында үш баласы жетім қалды. Руслан журналистерге Ақанның өзі ағасының үйіне барғанына сенбейтіндігін және тергеу кезінде маңызды дәлелдер назардан тыс қалып, қылмыскерлер жазасыз құтылып кетуі мүмкін екендігінен қорқатынын жасырмады.

"Олар оны өлімші етіп ұрып, сарайға лақтырып кетті. Менің ағамды өлтіргендер заң жүзінде жазалануы керек. Мен болған оқиғаға менің өлген ағамды кінәлі етіп шығарады деп қорқамын", - деді Нұрғалиев.