Қазалыда көпір өткелі салынып жатыр

2 297

Фото: https://syrboyi.kz/ сайтынанБиыл көпір құрылысын жалғастыруға республикалық бюджеттен 758,4 млн теңге қаражат бөлінді.

Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Ергешбаев, Парламент Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов және Руслан Рүстемов жұмыс сапарымен Қазалы ауданында болды. Олар Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей автожолының 16-шақырымындағы Сырдария арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысымен танысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Партияның облыстық филиалынан хабарлағандай, нысан құрылысы 2022 жылы басталған. Бірақ алғашқы мердігер «СтандартОйлКЗО» ЖШС өзіне жүктелген міндеттемені толық орындамай, келісімшарт сот тәртібімен бұзылған. Кейін қайтадан конкурс жарияланып, жаңа мердігер анықталды. Құрылыс жұмысын «Нұрлы Тау ЛТД» ЖШС қолға алды. Жалпы ұзындығы 2,5 шақырым болатын бұл автожол III санатқа жатады. Қазір құрылысшылар көпірге жалғасатын кірме жолдарды топырақпен көтеріп жатыр. Биыл көпір құрылысын жалғастыруға республикалық бюджеттен 758,4 млн теңге қаражат бөлінді.

— Депутаттар құрылыс қарқыны мен сапасына назар аударып, маңызды инфрақұрылымдық жобаның жергілікті тұрғындар үшін жоғары мәнге ие екенін атап өтті. Атап айтқанда, жаңа көпір пайдалануға берілгеннен кейін Жанкент, Бірлік, Қожабақы, Аранды, Бозкөл, Тасөткел, Лақалы, Ажар, Тасарық және Кәукей елді мекендерінде тұратын 12 мыңға жуық тұрғынның аудан орталығына қатынау мүмкіндігі жақсарып, көлік қатынасы айтарлықтай жеңілдейді, — делінген хабарламада.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.