Қарағанды облысында болған жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды

476

Фото: polisia.kzБалқаш қаласына жақын жерде Алматы-Екатеринбург тас жолында адам өліміне әкелген жол апаты болды. Патрульдік көлік пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 46 жастағы полиция қызметкері көз жұмды. Оның әріптесі ауруханаға жеткізілген.

Ведомствоның мәліметінше, жол апатынан қайтыс болған облыстық патрульдік полиция батальонының инспекторы - Хайдар Оразбаев. Ол 46 жаста болған. Марқұмның шені - аға лейтенант.

Отбасылы, төрт баласы бар. Ішкі істер органдарында 26 жыл қызмет еткен. 

Қызметтік көліктің рөлінде отырған екінші полицей 33 жаста. Ол ауруханаға жеткізілген. Ал жүк көлігін 41 жастағы ер адам басқарған.

"Қарағанды облысы ішкі істер органдарының басшылғы мен жеке құрамы марқұм қызметкердің туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - дейді өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Қазір жол апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 345 бабы, 3 бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкелген жол қозғалысы ережерін бұзу) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл факті бойынша сараптамалар тағайындалған. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.