Ер адам үй шаруасын жылдар бойы дөңгелеткен бұрынғы әйеліне 30 млн теңге төлеуге міндеттелді

310
Португалияда отыз жыл бірге тұрған әйелімен ажырасқан ер адамның басы бәлеге қалды. Сот оны бұрынғы әйеліне қыруар қаражат төлеуге міндеттеген.

Ажырасқаннан кейін сотқа шағыммен жүгінген әйел жылдар бойы күйеуінің жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп, барлық үй шаруасын өзі дөңгелетіп келгені үшін өтемақы талап еткен. 

Ол бұрынғы күйеуі отыз жылға созылған отбасылық өмірі барысында жетістіктерге жетіп, табысы еселенгенін алға тартқан. Айтуынша, бұған бірден бір себеп - әйелдің үй шаруасын толықтай өз мойнына алуы.

Нәтижесінде сот әйелдің шағымын қанағаттандырып, оның өтемақы алуға толықтай құқы бар деген тоқтамға келген. 

Соттың шешіміне сәйкес, ер адам бұрынғы әйеліне 60 мың еуро (шамамен 30 млн теңге) өтемақы төлеуге міндеттелді.