Қарағандыда қонаққа келген жас жұп үй иесін тонап кетті

310

Фото: pixabay.comБасылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, 29 сәуірде Қарағанды қаласының полиция басқармасының Октябрь полиция бөліміне 31 жастағы қала тұрғыны қоңырау шалып, пәтерінде ұрлық болғаны туралы хабарлаған.

 Жәбірленушінің сөзінше, ол үйіне қыз бен жігіттің қонып шығуына рұқсат беріпті.

 Келесі күні қонақтар кеткенде арыз беруші 30 мың теңгесі, ұялы телефоны, күміс алқа мен колонкасының жоғалып кеткенін білген.

 Шығын мөлшері 133 мың теңгені құраған.

 Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

1 мамырда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікке ілінген 20 жастағы жас жігіт пен 22 жастағы қызды ұстады. 
Олар кінәсін мойындаған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

 Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысының полициясы екі ер адамның бір жігітке шабуыл жасап, тонап кетті деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған болатын.

 Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынын кездесуден кейін танысы тонап кеткені белгілі болған еді. Тергеу нәтижесінде 27 жастағы жігіттің 28 жастағы қызбен әлеуметтік желі арқылы танысқаны анықталды. 

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні ұстаған, ол бұрын бірнеше рет сотталған болып шықты.