Айгүл Иманбаеваның төсектегі видеосы жұрт ашуын тудырды

565
Актриса Айгүл Иманбаеваның "Өнер қырандарының" актері Жанболат Найзабековтың үстіне шығып билеген видеосы сынға ілікті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Видеоны Instagram желісіне Айгүл Иманбаеваның өзі жүктеген.

Түсірілім барысы қалай өткені жайлы естелік видеолармен бөлісіп қояйын, - деген актриса.


Айгүл Иманбаева Жұлдыз Әбдікәрімованың продюссерлігімен шығатын "Ажырасамын" фильміне түсіп жатқан екен. 

Жатын бөлмеде ұйқтарда киетін киімімен актер жігіттің үстіне шығып билеген Айгүл Иманбаеваға жұрт түрлі пікірлер жазуда. Бірі бұл оның мамандығы екенін айтып ақтаса, екіншісі мұндай қылығы ерсі екенін жазуда.



Сондай-ақ, халық Айгүл Иманбаеваның астында жатқан актер Жанболат Найзабековтен де айналып өтпеді. Оның қажылыққа барып келгенін айтып, жағасын ұстап отырғандар көп.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.