Танымал тележүргізуші Руслан Өтепбайды көрермендер Үш арыстың біріне теңеді
2 564
Халықтың мұң-мұқтажын жүрекпен қабылдап, ақиқаттың түбін түсіретін танымал тележүргізушіні көрермендер қазақтың жазушысы Сәкен Сейфуллинге ұқсатуда, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қоғамда орын алып жатқан оқиғалар мен тағдыр талқысына түскен кейіпкерлердің бастан кешкен жайттарын боямасыз, бүкпесіз эфир арқылы халыққа жеткізетін «Köremіz» ток-шоуы аз уақыт ішінде көрермен көзайымына айналғаны көпке мәлім. Бағдарлама аясында ел ішіндегі өзекті мәселелер талқыланып, шешімін табуда.
Аталған ток-шоу арқылы көпке танылған жүргізуші Руслан Өтепбайдың эфирдегі имиджі көрермендердің көңілінен орын тапқандай. Желі қолданушылары журналистің сырт келбетін белгілі жазушы, қоғам қайраткері - Сәкен Сейфуллинге ұқсатуда.
"Көзілдіріксіз тура Сәкен Сейфуллин атамызға ұқсап кетесіз" деген көрермен пікіріне тележүргізуші былайша,
Эфир арқылы жұрттың жанайқайын жеткізіп, сала мамандарынан әділдік іздеп, шиеленіскен мәселелердің аражігін ажыратып жүрген халқына жақын журналистеріміз көп болсын деп тілейміз.
Тоты Айтжанқызы

"Сәкен серіге түріміз емес, ісіміз ұқсаса арман бар ма?" - деп жауап берген болатын.