Қайрат Нұртас ұлдарымен түскен жаңа сурет жариялады

453

Фото: https://www.instagram.com/kair_n/Отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас желіде қос ұлымен түскен жаңа фотомен бөлісіп, барша жанкүйерлерін қуантты. Көпшілік әншінің балаларымен бірге уақыт өткізіп жүргеніне тәнті болған.


Қайрат Нұртас ұлдарымен түскен суретті өзінің Instagram парақшасында жариялады. Өнер иесі қос батырымен бірге Нұр-Сұлтан қаласында серуендеп қайтқан көрінеді. 


Әкесі мен балаларының фотосы бірден желідегілердің қызу талқысына түсіп, түрлі пікір тудырды. Оқырмандардың бір бөлігі олардың табысқанына қуанышты болса, енді бірі әртіске отбасы туралы сұрақтарды жаудырды. 


"Қайрат балаларыңмен жолығыпсың ғой. Өте қуаныштымыз", "Бақыт деген танымал әнші болу емес, отбасыңмен бірге болу сол бақыт", "Отбасылық бақыт тілейміз", "Қашан жанұяңызбен толыққанды қосыласыз", "Ұлдарыңыз сізді көріп сондай бақытты. Сағынып қалған болу керек", "Неге балаларыңызбен Жұлдызсыз кездесесіз? елде айтылып жатқан әңгімелер рас па сонда", - деп жазуда олар.