Айдана Меденова өнерден біржола қол үзді

1 447

Айдана Меденова орамал таққалы музыкадан мүлдем бас тартқанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Әлеуметтік желіде “Kesh You” тобының бұрынғы мүшесі Айдана Меденова өнерге қатысты сұрақтарға жауап берді.


Айдана Меденованың тыңдарманы әншінің өнерден кеткеніне сене алар емес. Оқырманның: “Енді ән айтпайсыз ба?” деген сауалына ол: “Жоқ, ең қызығы, тіпті тыңдамаймын. Жалпы маған қиын болады деп ойлағанмын. Керісінше, Алла маған жеңілдетіп қойды. Өзіммен өзім түк қиналмай музыкадан алшақтап кеттім. Алла ұлық, ниетіңе қарай, бір секундта адамның жағдайын өзгерте салады”, – деп жауап берді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.