"Бір рет те жалақы сұрамады": Еркебұлан Тоқтар інісіне Гелендваген сыйлады

2 519

Фото: Instagram.com/erkebulan_toktarАктер әрі жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар інісі Әділ Тоқтарға Mercedes-Benz G-Class көлігін сыйға тартты. Бұған дейін сатуға қойған қымбат көлігін ол інісінің еңбегін бағалап, өзіне қалдыру туралы шешім қабылдаған, - деп  хабарлайды Opennews.kzақпарат агенттігі.

Еркебұланның айтуынша, олардың бургер сататын кәсібінің күнделікті жұмысын негізінен інісі жүргізіп келеді. Соған қарамастан, Әділ осы уақытқа дейін еңбекақы туралы сөз қозғамаған.

“Біздің бургердің ашылғанына төрт жарым ай болды. Бәріне Әділ жүгіріп жүр. Бүкіл тірлікті осы жүргізеді. Осы уақытқа дейін бір рет те маған “қанша жалақы төлейсің?” деген әңгіме айтқан емес. Міне, сол үшін Гелик саған. Құтты болсын”, – деді актер.

Еркебұлан Тоқтар бастапқыда көлікті сатуды жоспарлағанын да жасырмады. Ол кезде қарыздарын жабуға және өзге шығындарына қаржы қажет болған.

Алайда көлікті сатуға апара жатқан сәтте оның ойы өзгерген.

“Мен бұл көлікті сатам деп жүрдім. Маған сол кезде ақша керек болып жатты, қарызым болды. Осы көлікті салонға апара жатқан кезде көліктің Әділге қалай жарасып тұрғанын, оның қалай қуанып тұрғанын көрдім де, Аллаға: “Е, Алла, егер маған керек ақшаны басқа жолмен беретін болсаң, мен мына екінші Геликті Әділге сыйлаймын” дедім. Ертесіне бірнеше ұсыныс түсіп, жаңа жобалар келді”, – деді Еркебұлан Тоқтар.

Осыдан кейін актер көлікті сатудан бас тартып, оны інісіне сыйға тартқан.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.