Баян Мақсатқызы Алиса есімді қызын қырқынан шығарды

2 122

Фото: видеодан кадрБаян Мақсатқызы Алиса есімді қызын қырқынан шығарды. Айтулы күннің видеосын отандық тележүргізуші Динара Сәтжан Instagram желісіндегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Кеше құрбым Баян Мақсатқызы Алиса қызын қырқынан шығарды. Бұл дәстүр маған ерекше ұнайды. Нәрестенің қарын шашын, сүт тырнағын алып, бәрін ырыммен жасадық. Түрсен әкесі бәрімізге өзінің жомарт жүрегімен сыйлықтар берді. Өмірге сәби келгенде ол қуаныш, ал екі сәби келсе, ол екі есе бақыт", - деп жазды ол. 


Видеодан нәрестені қырқынан шығаруға Аша Матай, Айсәуле Бақытбек, Салтанат Байқошқарова мен басқа да қыз-келіншектер қатысқанын байқауға болады. Ал ырымдар жасалған соң Тұрсын Алагөзов келген қонақтарға сыйлық таратады. 

:  

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.