"Ондай жұмыс істемеймін": Ерке Есмахан еден жумайтынын айтты

2 171

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/Белгілі әнші Ерке Есмахан үйінде еден жуып жүрген ортаншы ұлына ренжіп қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Өнер иесі еден жуып жүрген баласына ұрысып берді. 

"Исламок бәрін жинап жүреді. Апайларына көмектесіп жүреді. Жарайсың, не деген пысық, еңбекқор бала. Болсаң ана жерге апарып қой. Маған неге беріп жатсың, мен ондай жұмыстарды істемеймін ғой", – деді өнер иесі.


“Қазақпыз ғой, осындай адам жұмсағанды салмаған дұрыс. Ол саған малай емес. Оның да ағайыны көреді”, – деп жазды желі қолданушысы. 
“Бұл жұмыс, таза еңбек, жарнама үшін түсірдік дегенді қалай түсіндірсек екен. Мен түсірсін деп жинап жүр, негізі. Адам намыстанбай, білмегенін сұраса нұр үстіне нұр еді. Қазақтың әйелдері қарапайым дүниелерді білмей жатады. Менің үй тазалатқанымды талқылау – тіпті ұят. Мен дүниежүзін аралап, жоқты да, барды да көргенмін. Бірақ асып-тасымаймын. Осы жетеді деп айта алмаймын. Әлі де ізденісте жүрмін. Сіздер де қазіргі заманның ағымынан қалмаңыздар”, – деп ақталған еді әнші.