Желіде Серік Ибрагимовтың төбелесіп жатқан видеосы тарап кетті

514
Серік Ибрагимовтың төбелескен сәтінің видеосы qaz.stars парақшасында жарияланған. Онда ашуға булыққан өнер иесінің өзге ер азаматпен жұлысып, оған жұдырық көтергенін көруге болады. Айта кету керек, эстрада жұлдызы бүгінде Қызылорда қаласында кезекті бейнебаянын таспалап жатыр. Желі қолданушыларының болжамынша, аталған оқиға да түсірілім барысында орын алуы мүмкін. Бірі қос ер адам арасындағы келіспеушіліктің шынайылығына сенсе, енді бірі аталмыш жайт түсірілім барысында алдын ала ойластырылған деп есептейді.