Отандық кәсіпкер Джей Лоға қазақ камзолын кигізді

2 429

Фото: Instagram/dinmuhammed2025 жылдың 1 тамызында Астанаға гастрольдік сапармен келген америкалық жұлдыз Дженнифер Лопеске отандық кәсіпкер Дінмұхаммед Сыздықов ұлттық камзол сыйлады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл ерекше сәт жайлы кәсіпкер 4 тамыз күні Instagram парақшасында бөлісті.

Сыздықов Джей Ломен бірге түскен суретін жариялап, сыйлықтың авторына алғыс білдірді.

"Дженниферге камзол кигізіп, үлкен арманым орындалды. Бұл қолөнер туындысын әзірлеген дизайнер Эльмира Ибрагимоваға алғысым шексіз! Шын көңілмен жасалған камзол Джей Лоға өте ұнады," – деп жазды ол.

Айта кетейік, кәсіпкер әлеуметтік желідегі парақшасында өз кәсібін ерекше түрде сипаттаған.

"Мен атақты адамдарға шапан сыйлаймын", - деді кәсіпкер. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.