Танымал әнші Сиви Махмудиді көпшілік танымай қалды

2 513

Фото: ©Әлеуметтік желі парақшасынанТанымал әнші Сиви Махмуди әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа бейнесін көрсетіп, оқырмандарының қызу талқысына түсті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Sn.kz сайтына сілтеме жасап.

Өнер иесінің өзгерген келбеті желі қолданушыларының назарын бірден аударған. Әсіресе бет-әлпетіндегі өзгерістер мен ерекше макияж көпшілікті таңғалдырған. Кейбір оқырмандар әншіні алғашында мүлде танымай қалғандарын жазса, енді бірі оның жаңа стиліне тәнті болған.

Желіде тараған видеодан кейін пікір қалдырушылар екіге бөлінді. Бірі Сивидің сұлулығына сүйсініп, оның жасарып кеткенін айтса, енді бірі табиғи келбеті өзіне көбірек жарасатынын алға тартқан.

«Қуыршақ сияқты болып кетіпті», «Қартаятын ойы жоқ қой деймін», «Тіпті танымай қалдым», «Өте әдемі образ», «Бастысы өзіне жарасып тұр» деген пікірлер қарша борады.

Әншінің жаңа стилі әсіресе әйелдер аудиториясы арасында қызу талқыланып жатыр. Көпшілік оның образ таңдауда батыл екенін айтып, сахна адамы болған соң өзгеріс пен эксперименттің қалыпты дүние екенін де жазуда.

Сиви Махмуди әзірге желідегі пікірлерге нақты жауап бермегенімен, жариялаған видеосы қысқа уақыт ішінде мыңдаған қаралым жинап үлгерген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.