Әнші Саят Медеуов коронавирус жұқтырды

566
Отандық танымал әнші Саят Медеуов өзінің ауырып қалғанын айтты. Өнер иесі қауіпті дерттен айығу үшін үйінен ем алып, уақыт өткізіп алғанын айттып қынжылды деп хабарлайды  "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Коронавирус Саят Медеуовты де айналып өтпеген. Эстрада жұлдызы қауіпті дертке шалдыққанын өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Сырқаттанып қалған әнші көпшілікті барынша сақтануға шақырып, өзін емдеген дәрігерлерге өз алғысын жеткізді. "Ассалаумағалейкүм құрметті ағайын! Баршаңызға тілерім ауырмаңыздаршы! Жылы жүріңіздер, имуниттеттеріңізді түсірмеңіздер. Қалай ауырғанымызды білмей қалу қаупі қатты. Тез өршиді екен. Қазіргі таңда емдеуге болады, тек үйден ем аламын деп, уақытты өткізіп алдым. Осы дерттен айығуыма үлкен себепкер болған Қалқамандағы N 1 қалалық клиникалық емхананың ақ халатты абзал жандарына алғысым шексіз. 
Ертерек емханаға жүгініп анализ арқылы ем жасаған дұрыс деп ұқтым. Жанашырлық сезімдеріңізді ояту үшін емес, басымнан өткенді жазып, емделіп шыққанымды айтып сіздерге де пайдасы болса екен дегім келді. Ойым қате болса кешіріммен қараңыздар, Еліміздің басына түскен осы нәубет мәңгіге жоқ болуына тілектеспін! Ауырмаңыздаршы", - деп жазды ол. Желі қолданушылары әншіге тезірек сауығып кетуін тілеп, өз қолдауын білдірді.