"Дұрыстап сөйле"...

463
Қазақстандық әнші Айқын Төлепберген әлеуметтік желіде сынға ұшырады. Әртіс қарлы ауа райы қала әкімдігі секілді көпшілікті үйде отыруға шақыратынын айтып қалжыңдады. Алайда, өнер иесінің сөйлеу мәдениеті желі қолданушыларына жақпай қалды. Олар эстрада жұлдызының бейәдеп сөздерді қолданып сөйлегеніне шүйлікті.
Айқын Төлепберген Instagram желісі арқылы өз оқырмандарына видео жолдады. Онда көлікте ішіндегі өнер иесінің Алматы ауа райын сөз етіп отырғанын көруге болады. 

"Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласының ауа райымен келісіп алған сияқты. Қысқасы, бір жеріңді қысып, үйіңде отыр. Далада жаңбыр мен қар аралас быт-шыт болып жатыр" , - деді әнші. 
Видео астына ол "карантиннен шаршадық" деген жазба алдырған. 

Желі қолданушылары оның сөздерін қолдап, шектеу шараларынан мезі болғандарын жасырмады. 
"Өзбекстан мен Ресейде концерттер жүріп жатыр. Қарапайым өмірге оралды. Ал біздікілер не істеп жүр өзі? Ашу жетпейді" , "Карантин де, ауа райы да көңілід түсіріп жатыр" , "Ауа райына шағымданудың қпжеті жоқ. Бұл жаратушының қалауымен болатын нәрсе. Ал карантиннен бәрі шаршады" , "Үйде ақшасыз, жұмыссыз отырудан шаршадық" , - деп жазды халық. 

Кейбір оқырмандарға Айқынның сөйлеу мәдениеті ұнамай қалған. 

"Айқын халық баласы "көтен" деп сөйлемейді. Ұят қой. Мәдениетті сақтасай. Интелегенция қаласынан шықтың ғой", "Әкімдіктің ауа райына дым қатысы жоқ. Сосын сөйлер алдында ойланбайсыз ба? Сізге ұят болу керек. Қаншама адам, халық көріп отыр. Басқа нәрсе салсаңыз болар еді ғой" , "Дұрыстап сөйлесеш, не дегенмен әнші деген атың бар ғой", "Бір түрлі сауатсыз сөйлейсіз" , "Бұл кісінің сөйлеу мәдениеті өте ұят жағдай" , - деп жазды көпшілік.