Мұхаммедәли Жүгінісовтің үйлену тойы елордада дүркіреп өтті

554

Ағайынды Жүгінісовтердің кенжесі Мұхаммедәли шаңырақ көтерді, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Тойды еліміздегі қаламақысы ең жоғары асабалардың бірі, актер Тұрсынбек Қабатов басқарды. Одан бөлек, Майра Ілиясова, Қыдәрәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина, Алтынай Жорабаева, Айгүл Мүкей, Жұлдыз Әбдукәрімова және тағы да басқа елімізге белгілі тұлғалар той қонақтарының қатарынан табылды. 

Мұхаммедәлидің қалыңдығының есімі - Медина. Үйлену тойда ол ұлттық нақышта киім киді. Сондай-ақ, күйеу жігіттің анасы Айнұр Жүгінісова қазақы нақышта безендірілген кимешекпен ел алдына шықты. 

Ағайындылардың ортаншысы Мирас Жүгінісов өз жолын інісіне бергенін айтып, жастар үшін қуанды. 


"Рұқсатымды бердім, қатты үйленгісі келді", - деп бөлісті ол. 


Мирас інісінің тойында өзінің хит әндерін орындады.