Әли Оқапов пен Диас Аблаев коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

545
Қазақстандық әншілер Әли Оқапов пен Диас Аблаев коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын салдырды. Өнер иелері екпеден кейін қал-жағдайларымен бөлісті.

Әли Оқапов Instagram парақшасында вакцина салдырған сәтінен фото жариялады. 

"Вакцина салдырдым. Өзімді жақсы сезінудемін. Бұл тегін. Спутник V", - деп жазды әнші. 
Желі қолданушылары бұл жағдайды бірден қызу талқылауға кірісті.
 
"Жарайсың, мен де бүгін салдырдым" , "Қал-жағдайын қалай?" , "Өзіңді қалай сезінудесің?" , "Алғашқы екі аптада барынша қорғану керек" , "Ем болсын" , - деп жазды көпшілік. 

Пікір білдірушілер арасында вакцинаға қатысты күдікпен қарағандар да болды.

"Расымен вакцина ма екен?" , "Жарнама" , "Билл Гейтс қанша ақша төледі?" , "Неге вакцина салған соң, екпенің орнын көрсетпейді" ,"Сенуге болады деп ойлайсыз ба", - деп жазды олар. 

Кейіннен Әли Оқапов вакцинадан кейінгі жағдайымен бөлісіп, өзі үшін алаңдаған көпшілікке арнайы видео үндеу жолдады.

"Бүгін салдырған вакцинацияға қатысты көптеген сұрақтар келіп түсуде. Бірден жауап берейін. Қазір сағат 23.16, мен болсам вакцинаны 3.30-да салдырдым. Жеті сағаттан астам уақыт өтті. Өзімді жақсы сезінудемін. Дене қызуым қалыпты, ешқандай әлсіздік жоқ. Жағдайым жақсы. Ұйқым келіп тұрған жоқ, бәрі жақсы. Кейбір адамдарда вакцинадан соң дене қызуы көтеріледі деп айтып жатыр. Алайда, менде мұндай жайт байқалмайды" , - деді Әли.