Байзақова жас кезінде құдай сақтап қалып, тұрмысқа шықпағанына қуанатынын айтты

816
Атышулы  Айжан Байзақова  жас кезінде тұрмысқа шығып кете жаздағанын айтты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Айжан жастау кезінде тұрмысқа шыға жаздағанын көпшілікке жария етті. 

"Бірақ Құдай менің жағымда, ол мені сақтап қалды. Қазір мен әлемді танымастан, үйде үш баламен, күйеуімнің шұлығы мен іш киімін жуып отырар едім. Ал оны менің кім екенім де қызықтырмас еді. Өмірге көңілім толмағандықтан және ақымақтығымнан оның миын ашытып, ақырында ажырасар едік", - дейді блогер

Байзақованың пікірінше, адам отбасын құрмай тұрып алдымен әлемді тануы қажет. 

"Алдымен іштей бақытты болсаң, некең де сәтті болады. Бір-бірлеріңнің мазаңды алмай, артық мәселесіз жақсы көресіңдер. Сондықтан не болса да жақсылыққа", - деді Байзақова.