"Өмірден түйгенім көп", - Ерке Есмахан өз ойымен бөлісті

696

Ерке Есмахан өмірден көп нәрсені түйгенімен бөлісті. Ол Instagram оқырмандарына ақтарыла сырын айтты, деп жазады Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/?hl=ru

"Өмірден не түйдіңіз?" - деген фанатының сауалына әнші: 



"Өмір тек менікі екенін, қоршаған ортаның кестесімен емес, өз қалауыммен өмір сүру керектігімді, жанымды бақытқа, тыныштыққа, қанағатқа бөлей алатын тек өзім екенін түсіндім. Алланың алдында өзім үшін өзім ғана жауап беретінімді түсіндім. Әлі де түсінерім көп-ау", - деп ағынан жарылды Ерке Есмахан.



Сондай-ақ, әнші қазіргі уақытта "рухани жаңғыруда" екенін айтты. Ол осыдан бір жыл бұрынғы Ерке мен қазіргі Еркенің айырмашылығын сұрағандарға: 

"1 жыл деген әңгіме жоқ. Бүгінгі Ерке кешегіге ұқсамайды. Күн сайын өзгеріс менде. Қазір рухани жаңғырудамын", - деп жауап берді. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.