Мәдина Сәдуақасова өзіне қымбат сый жасады
1 386
43 жасқа толған Мәдина Сәдуақасова өзінің меншікті мерекесін тойлаған болатын. Әнші өзіне қымбат сый жасады. Ол Алматының элиталы ауданынан өзіне қымбат пәтер сатып алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
"Шүкір Аллаға, бақыттымын! Аллаhым осы бақытымнан айырмай, еселей берсе екен. Өте күшті күн болды! Туған күнді күшті қылатын қасыңдағы, айналаңдағы жандар. Сіздер қаншама құттықтаулар мен тілектеріңізді жаудырып жатсыздар! Мен үшін әрқайсыңыз орны бөлек жансыз. Таныс болсақ та, жеке таныспасақ та бір-бірімізге жақынбыз. Өнеріме рахмет, сіздермен табыстырған. Сіздерге мың - миллион алғыс. Сіздер де бақытты болыңыздар, армандарыңызға жете беріңіздер. Әдемі күн сыйлағандарыңыз үшін", - деді Сәдуақасова.
Сонымен қатар, Мәдина бұл күні өзіне ерекше қымбат сый жасағанын айтты.
"Ерекше күнде ерекше сыйлық! Жаңа пәтер! Алматының жоғары бөлігінде, таудың таза ауасы мен салқын лебімен, таңертең оянғанғанда бірінші Алатаудың сұлулығын көресің. Сүп-сүйкімді, планировкасы ыңғайлы, ерекше дизайнмен жасалған күшті үй сатып алдық", - деді әнші.