"Ешқашан олай жылаған емеспін": Жәния Джуринская күйеуінің сөз салған күнін еске алды

263

Фото: https://www.instagram.com/djurinskaya/?hl=ru

Жәния Джуринская күйеуі Даниярдың өзіне үйлену туралы ұсыныс жасаған күнін еске алды. Хизметов актрисаға Стамбұлда сөз салған. Жәния оған дейін Даниярмен айырылысу жайлы ойлағанын мойындады,- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі Stan.kz ке сілтеме жасап


Жәния, Данияр және олардың достары осыдан шамамен екі жыл бұрын Түркияға саяхаттайды. Ол шақта Даниярмен кездесіп жүрген Жәния одан үйлену туралы ұсыныс болмағанын, сондықтан онымен жақын арада айырылысуға бел буғанын мойындады. Ол тек демалыстың аяқталғанын күткен. 


"Стамбұлда ұсыныс жасауы мүмкін деген ой бір рет келді, өйткені бұл қаланы қаншалықты жақсы көретінімді ол білетін. Оның үстіне, тәтті кезеңде жүр едік. Бірақ олай болмады. Күндер өтіп жатты, біз қыдырып жүрдік. Ал ол сол күйі ұсыныс жасамады. Ол айнып қалды деп ойладым. Өзім ойлап, өзім ренжіп қалдым. Енді ертең жасамаса, бітті дедім", - дейді Жәния. 



Бір күннен кейін жастар шағаламен фототүсірілім жасауға барған. Көптен күткен сөз осы жерде айтылады деп күткен Жәния үмітінің тағы ақталмағанын айтты. Ақырында ашуланған актриса Даниярға ұрсып беріп, қонақ үйіне бет алған. 


"Ойша онымен қоштасып, Стамбұлда қалған екі күнді өткізіп алайын, үйге барған соң бұл сұрақты шешемін дедім", - дейді Джуринская. 



Ақырында Данияр Жәния күтпеген кезде яхтада ұсыныс жасаған. 


"Күтпегендіктен қатты эмоцияға берілдім. Көзімнен жас төгілді. Бұл тым әсерлі, романтикалық әрі толқитын сәт болды. Мен бақыттан бұлай ешқашан жылаған емеспін. Тіпті, ауа жетпей кетті", - деп ағынан жарылды актриса.