"Ұялмаған әнші болады": Аша Матай ән айтамын деп сынға қалды
Шоу-бизнес жұлдыздарының қыз ұзатуды кәсіпке айналдырғаны белгілі. Бүгінде аруларды құтты ұясына қондыратын әншілердің көшін Жазира Байырбекова бастап тұр. Қарақат Әбілдина, Мәдина Сәдуақасованы өз қуанышынан көргісі келетіндер де жетерлік. Енді олардың қатарын Аша Матай толықтырмақ, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігінен сілтеме жасап.

Алғашқыда түрлі әндер жаздырып, әнші болуға талпынған Аша кейін актерлік, тележүргізушілік қабілетімен көзге түсті. Бүгінде қалың көпшілік Ашаны отандық шоу-бағдарламалардың жүргізушісі ретінде таниды.
Бір кездері жұбайы Арманмен дуэт жазып, жастардың көңілінен шыққанымен, бүгінде Аша әншіліктен алыс. Осы олқылықтың орнын толтыруға бекінсе керек, ол қыз ұзатуға арнап сыңсу әнін жаздырды.
Алайда өпшілік Ашаның бастамасын қолдамады. Оның әншілік қабілетін сынға алып, тележүргізуші болып қалуға кеңес берді.







