Айсәуле Бақытбек еліміздегі жастардың ажырасуына ата-аналарды кінәлады

399

Айсәуле Бақытбек жалдамалы пәтерде тұратынын айтып, оқырмандарын таңғалдырды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Instagram парақшасында сұрақ-жауап ұйымдастырған Айсәуле бұл сұрақтың жиі қойылатынын айтты.
 
"Иә, жалдамалы пәтерде тұрамыз және бұл біздің таңдауымыз. Ипотекаға алғымыз келмейді. Өзімізге осылай ұнайды. 
"Өз үйім болса болды" дейтін ұрпақтан емеспіз. Керісінше тұратын жерді таңдауға келгенде еркінбіз. Мысалы, аяқ астынан басқа елде тұрғымыз келіп кетсе ше? Егер сізді бұл тыныштандырса, біздің өз үйіміз де бар", - деп мәлімдеді сылқым.

Одан бөлек, Айсәуле ата-ананың жеке өмірге араласуы жайлы сөз қозғады. Сөзінше, күйеуі Әлішер екеуінің ата-аналары "толық жетілген, өмірде өз қызығушылықтары көп жандар". Сондықтан олар екі жастың өміріне араласпайды. Алайда блогер елімізде көптеген жастардың ажырасуына ортаға ата-ана мен туған-туыстың араласуы себеп болатынын өкінішпен жеткізді. 

"Ата-аналардың балаға деген сау емес қарым-қатынасы, жақындығы, оларға өз комплекстерін таңуы (сен бізбен тұру керексің, келін бізге қызмет етуі керек, сендердің балаларыңды біз тәрбиелейміз, т.б.) біздің елде норма болып саналады. 
Біздің еркектер де ата-аналарына байлаулы. Жеке тұлға бола алмай, үнемі бала кейпінде қалу... "Анам бірінші орында" деген сөзді жиі байқаймын. Бірақ, достар, сіздің анаңыз бен әйеліңіз басыңызда бәсекеге түспеуі керек. Жүректегі ана мен әйелдің орны бөлек. Мұны еркектің өзі де, оның анасы да, әйелі де түсінуі керек. Бұл тіптен бөлек нәрсе ғой. Тағы жиі байқайтыным, мақсатшыл әрі мансап қуатын әйелдердің анасы өмір бойы үйде отырған еркекпен қарым-қатынасы ауыр болады. Өйткені олар (ерлер) өзіне жар емес, ана іздейді.
Бірақ, әр ұрыс сайын төркінге қашатын әйелдер де жетерлік. Немесе жасы 30-ға келсе де, "әке", "ана" деп жүретіндер... Тағы көптеген әйелдер өз өмірінің жауапкершілігін еріне артып қояды. Бірақ онда бұл одақ емес, қамқоршылық болмай ма?" -
деп ой бөлісті Бақытбекқызы.