ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ МАҢЫЗДЫ
178

- Жыл басынан бүгінгі күнге дейін Қызылорда қаласы бойынша 156 өрт оқиғасы тіркелген. Орын алған оқиғалардың басым көпшілігі тұрғын үйде (98 өрт) қарапайым өрт қауіпсіздігін сақтамауынан туындап отыр. Өрттің алдын алу мақсатында әр аптаның сәрсенбі, жұма және сенбі күндері қала бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Қала тұрғындарын жылу беру маусымында сақтық шараларын күшейтуге шақырамыз,- деді Жасұлан Түйменов.
Аралау барысында тұрмысы төмен осал топ санатына жататын тұрғын үйлерге 400 дана көмір қышқыл газын анықтайтын құрылғы (датчик) орнатылуда.

Сонымен қатар, бүгін Сыр құтқарушыларының креативті аялдама жобасы қала тұрғындарының назарына ұсынылды. Аялдама №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жанында орыналасқан. Онда қауіпсіздік ережелермен таныса аласыз.
Сондай-ақ жастарға құтқарушы мен өрт сөндіруші мамандығын қалай меңгеруге және азаматтық қорғау қызметіне қалай жолдама алуға болатыны жазылған.
