12 жасар қызға өгей әкесі азғындық әрекет жасаған

218
Екібастұзда полиция оқушы қызға азғындық әрекет жасау дерегін тергеп жатыр, деп хабарлайды "Opennews.kz"  ақпарат агенттігі.

Қыз алты жасынан әке санап келген ер адамның өзіне тиіскенін анасына айтып берген. Әйел мұны ести салысымен күйеуін үйінен қуып шығып, полицияға шағымданыпты. Оның айтуынша, таяуда мектепте сексуалдық зорлық-зомбылықтан қорғану тақырыбында тәрбие сағаты өткен. Содан кейін оқушы өз басынан кешкен осыған ұқсас жағдайды анасына айтуды жөн көріпті.

"1,5 жыл бұрын болыпты. Қызбен жеке қалған күйеуім оның екі аяғының ортасына қол жүгірткен. "Бұл біздің құпиямыз болсын" деп алдаған. Одан кейін қызыма ақша беріп тұрыпты. Ол кезде балам мұның жаман нәрсе екенін түсінбеген," — делінеді анасының шағымында.

Абырой болғанда, өгей әке жеткіншекке зорлық жасап үлгермеген. Ол қызынан сұмдық жағдайды естіген бойда полицияға шағымданып қана қоймай, ажырасуға арыз да беріпті. Ал күйеуі ешқандай кінәсі жоқ екенін, мұны баланың ойдан шығарғанын айтқан. Бірақ әйел қызына сеніп отыр. Осы деректің егжей-тегжейін полиция тексеруге кірісті.


 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.