Нәлібаев шенеуніктерді қозғамаса, жұрт жарықсыз отыра бере ме?
353
Қызылорда облысының әкімі талай уақыт жарықсыз қалған сол жағалау тұрғындарының мәселесін бір жиын үстінде шешіп тастады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Осыған дейін біздің редакцияға сол жағалауда тұратын бір топ тұрғындар «баламыз мектепке, өзіміз жұмысқа қатынаймыз, бізге көше бойына жарық шамдар керек» деп ашығын айтып келді.
Биліктің жауаптылары бұл мәселеден айналып өте алмады. Тұрғындар зарына жауап ретінде бақандай 548 дана жарықшамдарын орнатып кетті. Бірақ көптің қуанышы ұзаққа бармады, жарықтың да жарытып жанғаны шамалы.
Билік жарық жанды, мәселе шешілді деп жүргенде пысықай бәзбіреулер жарық шамдардың кабельін қолды етіпті. Соның салдарынан тұрғындар 1,5 жыл қараңғы көшенің бойымен жүруге мәжбүр болды. Бұл мәселе сеңдей қатып тұрғанына да екі жылға таяп қалды.
Еститін билік бар ма екен бізде? Қаланы 8 жыл басқарған қазіргі облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жарықсыз қалған сол жағалауда тұратын мыңдаған халықтың мәселесін бір жиналыстың үстінде шешіп тастады.
Нәлібаевтың қатаң тапсырмасы қала әкімдігіне өтіп кеткен секілді, ынталы демеушіні тарта отырып, жарықшамдарды орнатуды бастапты.
Бүгін жолай өтіп бара жатып, мына видеоны түсіре кеттік. Шын мәнінде, жарықшамдар жарқырай бастапты.
Сонда Нәлібаев айтпаса, жұрт жарықсыз отыра бере ме?!