АУДАН ӘКІМІ ИІРКӨЛ, ТӨРЕБАЙ БИ АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

176
Бүгін аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов ҚР Президентінің 2022 жылғы 03 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында, Иіркөл, Төребай би ауылдық округтерінде халықпен кездесуі жалғасын тапты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында алдымен  ауыл әкімдерінің  халықтың әл-ауқатын, тұрмыстық деңгейін жақсарту бағытында атқарылған жұмыстары тыңдалды.

Сонымен қатар аудан әкімі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көршеткіштеріне тоқталып,аймақтың жағымды жаңалықтарын жеткізіп, алдағы атқарылар жоспарларымен бөлісті.

Аудандағы төрт түлік мал басы санының өсуіне байланысты жайылымдық жерлердің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында елді мекендерден шалғай орындардағы көне су ұңғымаларын тазарту арқылы, қайта іске қосу үшін 26 су ұңғымасы құжаттандырылып ұсынылған және оның ішіндегі 2 су ұңғымасы осы  ауылдық округтердің аумағында орналасқандығын және сондай-ақ  Иіркөл ауылдық округінің Достық көшесін жарықтандыру жұмыстарына аудандық бюджеттен  қаржы қаралып, қазіргі кезде жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде екендігін жеткізді. 

Сонымен қатар биылғы жылы елді мекендер бойынша су тапшылығы жағдайында қашыртқы суларын қайта пайдалану үшін егістік жерлерді суармалы сумен қамтамасыз ету және үй-іргелік жерлерде өсірілген көкөніс, жеміс-жидек өнімдерін аяқ сумен қамтамасыз ету үшін 18 дана, барлығы 57 дана насос тұрақты жұмыс жасағандығын айтты. 

Кездесу барысында аудан әкімі ауылдық округтер бойынша тұрғындардың толғандырып жүрген талап-тілектерін тыңдады. 

Көтерілген мәселелер қатарын заңдылықтар аясында шешуді жауапты сала басшыларына тапсырып, шешілу мүмкіндіктерін міндеттеді.