Павлодар облысында полицей өз-өзіне оқ атып, жараланды

339

Фото: https://www.jahipaun.ee/ruӘлеуметтік желілерде Железин ауданының аға тергеушісі өзін мылтықпен атып, өлтіргені туралы хабарлама тараған болатын. 


Департаменттің баспасөз қызметі оқиғаның прокуратура ғимаратында болғанын растады. Мекеме өкілдерінің айтуынша, тәртіп сақшысының оң иығы жараланған. Полицейдің өзі аман. Бірақ оның өз-өзіне не үшін оқ атқаны әзірге белгісіз. Департамент өкілдері бұл туралы тіс жармады.


 "Полиция қызметкері ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды. Қазіргі күні жағдайы қалыпты, өміріне төніп тұрған қауіп жоқ. Аталған факті бойынша Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", -дейді Павлодар облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Рашад Өтеуов. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.